«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының қазасы: Тоқаев нақты тапсырма берді

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру керектігін айтты

Фото: gmk.center

«Өндірістік жарақаттардың өсуіне кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру бойынша уәкілетті органдар жүйелі шаралар қабылдауы қажет». Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде айтты, деп деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тек 2022 жылдың өзінде АМТ нысандарында жұмысшылар өлімінің бірнеше оқиғасы болды. Ірі компаниялар өндірісті жаңғыртуға үнемі инвестиция салуы керек.Өндірістік жарақаттардың өсуіне кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру бойынша уәкілетті органдар жүйелі шаралар қабылдауы қажет», - деді ол.