Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталуға жақын – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол берілмейтінін айтты

Фото:t.me/bort_01

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қызметін жіті қадағалап отыр. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалаймыз. Өндірісті жаңғырту үдерісіне, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Ерекше бақылауда – салық төлемдері. Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарды орындамаса, серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді, ел азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілік кезеңі келе жатыр.