Қарағанды облысының жастары үшін жеңілдетілген ипотека саны көбейтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Жастар баспана құнының 10 пайызын бастапқы жарна ретінде төлеп, 19 жылға ипотекалық несие ала алады

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жастары үшін жеңілдетілген ипотека санын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент өңірде жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама бар екенін еске салды.

Жастар баспана құнының 10 пайызын бастапқы жарна ретінде төлеп, 19 жылға ипотекалық несие рәсімдей алады. Жылына 5% өсіммен 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік қызметкерлер, журналистер мен университет оқытушылары ала алады.

«Енді бағдарламаның бюджетін және жеңілдетілген несиелер санын көбейту қажет. Бұл жас отбасылар мен жас мамандарды қолдаудың тиімді жолы», - деді Тоқаев.