«Ресей ҰҚШҰ елдерін көмекке шақырды»: ұйым өкілдері желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазнетте тараған ақпаратты ҰҚШҰ өкілдері жоққа шығарды

Фото: peremeny.ru

Қазнетте РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев дайындаған деген құжат тарады. Мәтінге сәйкес, ҰҚШҰ Жарғысының 8-бабына сәйкес қатысушы елдер Донбаста Ресей әскеріне көмектесуі керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«ҰҚШҰ Хатшылығына Ресей тарапынан Ресей Федерациясының құрамына жаңа субъектілерді қабылдауға байланысты ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған осы тақырыптағы хабарламалардың бәрі ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды»,-деді ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.

Айта кетейік, дәл осы «құжат» Қырғызстанда да таралды. Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі оның фейк екенін хабарлап, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.