МАГАТЭ басшысы Киев пен Мәскеуге барады

Автор: Azattyq Rýhy

Гросси Запорожье АЭС-ін қорғау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты

Фото ашық дереккөзден

Атом қуаты халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси осы аптада Киев пен Мәскеуге барады. Агенттік екі ел астанасында Запорожье атом электр станциясының айналасында қауіпсіздік аймағын қалай құру керектігі туралы консультациялар жалғасып жатқанын хабарлайды. Гроссидің айтуынша, станцияның бас директорсыз қалуы қауіпсіздікке кері әсерін тигізбейді.

«Өздеріңіз білетіндей, мен Киевке бара жатырмын. Біз Запорожье атом электр станциясын қорғау үшін жұмыс істейміз, біз онымен жұмыс істеуіміз керек... Ең бастысы, Мурашов босатылды, ол бостандықта және отбасына оралды», - деді МАГАТЭ директоры Рафаэль Гросси.

Айта кетейік, Запорожье станциясының бас директоры Игорь Мурашов Киев пен МАГАТЭ наразылығынан кейін Ресей тарапынан босатылып, Украинаның бақылауындағы аумақта болды.

Бұған дейін Ресей тарапы оны Украинаның арнайы қызметтерімен ынтымақтастық жасады деген айыппен ұстаған болатын. Киевте бұл ұрлау және халықаралық терроризм актісі деп аталды.