Еліміздің көптеген аймақтарында айып тұрақтары жеткіліксіз

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтөбе мен Атырауда 1 ғана тұрақтан бар

Фото ашық дереккөзден

Еліміздің көптеген аймақтарында айыппұл тұрақтары жетіспейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Арнайы айып тұрақтарын ашу мәселесін шешу қажет. Еліміздің көптеген аймақтарында айып тұрақтары жеткіліксіз. Мысалы, елордада 2-ақ коммуналдық тұрақ бар. Оның екеуі де толып кеткен, сыйымдылығы – небәрі 1,5 мың көлік», - деді Марат Ахметжанов.

Ішкі істер министрінің мәліметінше, Ақтөбе мен Атырауда 1 ғана тұрақтан бар. Қарағандыда мүлдем жоқ.

«Нәтижесінде, тәркіленген автокөліктер заң талаптарына қайшы полиция бөлімдерінде сақталады», - деп атап өтті ведомство басшысы.