Республикалық референдум өткізуге 16,5 млрд теңге бөлінген болатын
ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге бөлінген қаржыдан артылған 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды», - делінген ОСК хабарламасында.
Белгілі болғандай, қаражат мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен үнемделген.
«Бүгінгі өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды», - делінген хабарламада.