Биыл жол ережесін бұзған қазақстандықтар 49 млрд теңге айыппұл төледі

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасына қатысты барлық көрсеткіштің өскен

Фото: sibhar.ru

Қазақстанда жыл сайын өткен сайын жол-көлік апаты көбейіп, соның салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып жатыр. Бұл турады Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Министр жыл басынан бері жол-көлік оқиғасына қатысты барлық көрсеткіштің өскенін атап өтті:

- жол-көлік оқиғасының саны – 14%-ға, яғни 8307-ден 9429-ға дейін;

- қаза тапқандар – 18%-ға, яғни 1258-ден 1478-ге дейін;

- жараланғандар -–13%-ға, яғни 10947-ден 12394-ке дейін көбейген.

Марат Ахметжанов жол апаты ең көп тіркелетін өңірлерді атады.

«Алматы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жол-көлік апатының жоғары көрсеткіші сақталып отыр. Қазақстандағы барлық жол апатының 56%-ы, зардап шеккендердің 55%-ы және қаза болғандардың 41%-ы осы өңірлерге тиесілі», - деді ІІМ басшысы.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – көлік тәртібінің нашарлығы.

«Жыл басынан бері полиция 4,5 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. 17,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. 20 мың жүргізуші жүргізу құқығынан айырылды. 16 мың адам әкімшілік жазаға тартылды. 188 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 49 млрд теңгеден асты», - деді М. Ахметжанов.

Ішкі істер министрлігінің басшысы жол апатының көбеюіне көп жағдайда автомектептерге қойылатын талаптардың аздығы мен жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігі де ықпал етіп отыр. Қазір жүргізуші оқытумен 747 оқу орталығы айналысады.

«2018 жылдан бастап автомектептер ашу үшін лицензия мен арнайы рұқсат қажет етілмейтін болды. 2020 жылы олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тоқтатылды. Сапасыз оқыту үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Бұл көбінесе оқу процесінің формальды түрде жүзеге асуына әкелді», - деді ведомство басшысы.