Қай өңірде жаяу адамдар жол апатына жиі ұшырайтыны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты көбіне тротуардың, жаяу жүруге арналған жолдар мен жарықтың жоқтығына байланысты болады

Фото: prokuror.gov.kz

Жаяу жүргіншілердің қатысы бар барлық ЖКО-ның 47%-ы Шымкентке тиесілі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Отырыс барысында Ішкі істер министрі Үкімет назарын автожолдар мен жол инфрақұрылымының жай-күйіне аударды.

Министрдің айтуынша, жол-көлік оқиғасының 75%-ы және жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан болған өлімнің 28%-ы елдімекендерде тіркелген.

«Жалпы, жаяу адамдармен болған апаттардың ең көп үлесі Шымкент (47%), Алматы (30%), Астана қалалары (6%), Алматы (15%), Жамбыл (9%), Түркістан (5%) және Маңғыстау облыстарында (4%) болған. Бұл көбіне тротуардың, жаяу жүруге арналған жолдар мен жарықтың жоқтығына байланысты болады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл мәселе тез арада шешілуі керек», – деді Марат Ахметжанов.