ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті

Автор: Azattyq Rýhy

Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы басқарманың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Ал Ораза айт – 21 сәуір.

Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.