COVID-19 жұқтырғандар республиканың 7 өңірінен ғана анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 28 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда:
Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 9, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 0, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Абай облысында - 1, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 2, Ұлытау облысында - 0, Қостанай облысында - 4, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 0.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 393 691 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 32 адам аурудан емделіп шықты.
Оның ішінде:
Астана қаласында - 7, Алматы қаласында - 12, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 5, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында – 0, Батыс Қазақстан облысында - 0, Қарағанды облысында - 4, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 0, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 0, Түркістан облысында - 0.
Елімізде барлығы 1 378 888 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
3 қазандағы мәлімет бойынша, 1 251 адам коронавирус инфекциясынан (–1113 + және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 134 пациент стационарда, 1117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.