Қаржы институттарына жаңа талаптар енгізілді
Енді несиелік бюроға жаңадан берілген несиелер бойынша ақпараттар күнделікті түсіп отырады. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Несиелік шоппинг" деген ұғым бар. Бұл қысқа мерзімде бірнеше ұйымдардан қатар несие рәсімдеу. Кейін оны көбі төлемейді. Несие беруден бас тартуға негіз болмауы мүмкін, өйткені несиелік ұйымдарда ақпарат сол күні жаңартылмайтын. Енді мұндай деректер жұмыс күнінің соңында беріледі, егер несие демалыс күні берілсе, келесі жұмыс күні жаңартылады. Сондықтан бірнеше ұйымнан қатар несие алу үшін уақыт әлдеқайда аз болады”, – деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.