Белсенділердің мақсаты – демалушыларды табиғатты қорғауға шақыру
Экологиялық белсенділер Көкжайлау бөктерінен жарты тонна қоқыс жинады. Іс-шараны «Байтақ» жасылдар партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Іле Алатау ұлттық паркінің аумағындағы Көкжайлау бөктері танымал туристік бағыттардың бірі. Экологиялық сақшылар қатарын бүгін толықтырған 30 ерікті демалушылардан қалған қоқысты жинап шақты. Олар бір шақырым таулы жолды жүріп өтіп, полиэтилен пакеттер, пластик бөтелкелер сынды тұрмыстық қалдықтан тазартты. Белсенділердің мақсаты қала тұрғындары мен демалушыларды табиғатты қорғауға шақыру.
«Заң түрінде қорғалған жан-жақты халықты жұмылдырып, қорғауға жұмыс жасау біздің бұл ең үлкен тақырыптардың бірі. Сол себептен біз бүгін осы акцияны ұйымдастырып отырмыз. Солай ғана біз осындай керемет табиғатымызды, осындай керемет жерімізді қорғай аламыз», - деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.