Қазақстандық үш боксшы Польшадағы сайыста жеңіске жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол грузиялық Яго Кизириямен жұдырықтасты

sports.kz

Қазақстандық боксшылар Бекзат Нұрдәулетов, Бекман Сойлыбаев және Мейірім Нұрсұлтанов Люблинде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші болып рингке Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) шықты. Ол грузиялық Яго Кизириямен (6-9, 4 КО) сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін  хабарланғандай, қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO титулын қорғаған болатын. Бекман Сойлыбаев мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBA екінші белбеуін иеленді. Үш қазақстандық боксшы Польшада WBA және WBO титулы үшін жұдырықтасады.