Президент ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін – ұстаздар күні. Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде ұстаздар күні атап өтіледі. Айтулы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаздар күні құтты болсын!», - делінген Қазақстан Президентінің құттықтауында.