Көліктен қару мен еліктің ұшасы табылды
Көкшетау ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Көкшетау» МҰТП РММ қызметкерлері «Орманды бұлақ» филиалы аумағынан УАЗ -2206 маркалы автокөлікті тоқтатты.
Көлік ішінде болған Қазақстан Республикасының 4 азаматы болған. Олардан СКС маркалы карабин, Иж 58 маркалы мылтық қарулары табылды. Сондай-ақ, көліктің салонынан 1 еліктің ұшасы табылды.
Бұл факті бойынша Зеренді ауданының ІІБ қызметкерлері шараларын жүргізуде.