Атырау облысының тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан 1 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

Фото: elements.envato.com

Атырау облысының тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі көлікті басқар алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тегтер: