Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 613 миллионнан асты – ДДҰ

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 445 мыңға көбейді

фото: www.kt.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректеріне қарағанда, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 613 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

28-қыркүйектегі мәліметтер бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны бір тәулікте 444 072-ге артып, 613 410 796-ға жеткен.

Ал коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 1002-ге көбейіп, 6 518 749 болды.

Тегтер: