Украина мен Ресей кезекті рет тұтқындармен алмасты

Автор: Azattyq Rýhy
фото: www.aa.com.tr

Украина мен Ресей кезекті рет тұтқындармен алмасты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Телеграм – каналында Киев пен Мәскеу екінші рет тұтқындармен алмасқанын жазған.  

«Кезекті рет тұтқындармен алмасу өтті. Алты азаматымызды қайтардық, төртеуі теңіз жаяу әскері, екеуі азаматтық тұлға», - делінген хабарламада.

21-қыркүйекте Украина мен РФ Түркия президентінің арағайындығымен 200 әскери тұтқынмен алмасқан болатын.

Тегтер: