Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкентте өз ауласында «сора» өсімдігін өсірген жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің №49 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары өз үйінде құрамында есiрткi заттары бар және өсiруге тыйым салынған өсiмдiкті заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады.
«Тексеру барысында 33 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігі «сора» тұқымына жататыны анықталды», - деп көрсетті Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.