ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 29 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 16:48-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 272 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.4. MVP магнитудасы - 4.8. Бағыты - 40.95° с.е. 78.21° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.