ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды
Қазнетте ҚР ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады. Онда фотосуреттің БҚО-да түсірілгені және Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш тартылды деп жазылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Stopfake.kz хабарлауынша, ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тақырыпқа орай: «Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтті»: Қорғаныс министрлігі даулы видеоға қатысты түсініктеме берді
Соңғы уақытта Қазнетте ҚР шекарасын қорғауға және елдегі криминогендік жағдайға қатысты фейктер көп таралуда. Бұған дейін біз Қазақстанның Ресеймен шекараны жауып тастағаны, сондай-ақ Қостанайда қарулы ер адамдардың баладан ұялы телефон тартып алғаны туралы жалған ақпараттар тараған болатын.