Оқыс оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Ақтауда әйел адам көп қабатты үйден құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше қайғылы жағдай 13 шағынаудандағы 40-шы үйде болған.
«Сағат 13:21-де «102» нөміріндегі кезекшіге 13 шағынауданда адамның үйдің төбесінен құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп хабарлады полициядан.