Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Талдықорғанда өз үйінің маңында ойнап жүрген 2 жасар баланы көлік басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жантүршігерлік жол апаты 28 қыркүйек күні күндіз Талдықорған қаласы Сеңгірбаев көшесінде орын алды.
«Алдын ала анықталғандай, өз үйінің жанында жолда ойнап жүрген бала 38 жастағы ер адам басқарған «Toyota Cresta» автокөлігінің астында қалған. Өкінішке қарай жол апатынан бала көз жұмды», - деп көрсетті Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалды.