Қазақстан заңын бұзған ресейліктерге қандай шара қолданылады – ІІМ жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

ІІМ өкілі заң алдында бәрінің тең екенін атап өтті

Фото: azh.kz

ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Ресейден көбінесе заңға бағынатын азаматтар келіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Вице-министрдің айтуынша, Ресейде ішінара мобилизация басталғалы бері Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік азамат келген. Дегенмен, олардың 65 пайызы ендігі үшінші елдерге шығып кеткен.

«Шатаспасам, кеше 64 мыңнан астам адам елімізден кетіп қалды. Бүгінгі күнге дейін кіргендер тарапынан қазірше ешқандай қылмыс немесе құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Негізінен, қазірше жүріп-тұруға мүмкіндігі бар, заңға бағынатын азаматтар келіп жатыр», - деді Мара Қожаев.

ІІМ өкілі заң алдында бәрінің тең екенін атап өтті.

«Егер құқықбұзушылық жасаса, әрине, қарапайым азаматтар сияқты, оларға да шара қолданылады. Заң барлығына бірдей: көші-қон заңнамасын бұзса елден қуылады, егер қылмыстық құқықбұзушылық жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді М. Қожаев.