$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Байқоңырда Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау шаралары өткізіліп жатқан жоқ – РФ Әскери комиссариаты

Байқоңырда Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау шаралары өткізіліп жатқан жоқ – РФ Әскери комиссариаты
фото: 24.kz

Байқоңырда Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау бойынша іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы Байқоңыр қаласының ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі.

«Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазіргі уақытта Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау бойынша іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мобилизациялауға ерікті түрде әскери қызметке барғысы келетін Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматтары ғана тартылатыны көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары