Сноуден 2013 жылдан бері Ресейде тұрады
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құқықтық ақпарат порталында тиісті жарлықтың мәтіні жарияланды. Құжатта Ресей азаматтығын алған 72 адамның тізімі көрсетілген. Оның ішінде Сноуден де бар.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері 2020 жылдың қараша айында Ресей азаматтығын алуға өтініш білдірген.