Өрттің шығу себептері анықталуда
Ақтауда 27- шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«30 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 23:14-те өшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп көрсетті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мамандар өрттің шығу себебін анықтауда.
Оқиға орнына ТЖД 16 қызметкері мен 4 техника, апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері шықты.