Әуе апатынан 6 адам қаза тапты
Пәкістанның оңтүстік-батысында әскери тікұшақ құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Пәкістан әскерінің тікұшағы елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының Харнай ауданында жексенбіде кешкі уақытта апатқа ұшыраған. Ұшақта болған 6 адамның барлығы мерт болды.
Пәкістанның қоғаммен байланыс жөніндегі ведомствоаралық қызметі /ISPR/ тікұшақ ұшу тапсырмасын орындау кезінде Хост ауданы маңында құлағанын хабарлады.
ISPR мәліметінше қаза болғандардың екеуі ұшқыш, экипаж мүшесі және үш сарбаз.