Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы РФ Тергеу комитеті Telegram-каналы хабарлады

фото: www.interfax.ru

Бүгін Ижевск қаласындағы №88 мектепте болған атыстан қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше оқыс оқиғадан 39 адам зардап шеккен, олардың 15-і қаза тапты, 11 бала және 4 ересек адам.

«24 адам жарақат алған, олардың 22 бала және екеуі ересек адам. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Тегтер: