Қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Шайхутдинов қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ақпаратқа қатысты ресми органдар әзірге мәлімдеме жасаған жоқ

Фото: akorda.kz

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Шайхутдинов қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YEDILOV ONLINE телеграм-каналына сілтеме жасап.

«Наурыз айында қызметінен босатылған Қауіпсіздік кеңесі хатшысының экс бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновке үшінші елдердің пайдасына тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияларды берді деген айып тағылып отыр. Ол қамауға алынды», - делінген жазбада.