Көкшетау тауындағы өрт ауыздықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін таңертең 800 метр биіктікте Көкшетау тауында өрт шыққан болатын

фото: ҚР ТЖМ

Көкшетау биігінде тұтанған өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 11:13-те өрт ауыздықталды. Ауданы белгіленіп жатыр. Арнайы құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» тікұшағынан 4 рет су ағызылды. Әрбіреуінде шамамен 3 тонна су құйылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Тегтер: