Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарын төккен кәсіпорынға 60 миллион теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Экологтар «VOID» ЖШС-на жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысын жариялады

фото: ics.gencat.cat

Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарын төккен кәсіпорынға 60 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Қарақия ауданы Жетібай ауылы тұрғындарының арызы бойынша «VOID» ЖШС үстінен жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысын жариялады.

«Жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін экологтар оқиға орнына шұғыл жетіп, сынама алды. Кәсіпорын қызметінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда «VOID» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 87, 106, 238 және 320 баптарында көзделген талаптарды бұзғаны анықталды. Аталған заң бұзушылықтар үшін серіктестік ҚР ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Кәсіпорын мемлекет пайдасына 59 728 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.