Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Екі адам ауруханада жатыр

Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы, Алмалы ауылының маңында «Тойота Хайлюкс» автокөлігінің қатысуымен болды.

38 жастағы ер адам  «Алматы-Өскемен» автожолының 427 шақырымында көлікті басқара алмай, аударылып қалған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

 ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.

Тегтер: