Әлемде жыл сайын 2 трлн доллар жылыстатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жоғары экономикалық өсім әрдайым теріс процестермен қатар жүреді

Фото ашық дереккөзден

Әлемде жыл сайын 2 трлн доллар жылыстатылады. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының XX мерейтойлық отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоғары экономикалық өсім әрдайым теріс процестермен қатар жүреді: көлеңкелі бизнес, қылмыстық кірістерді заңдастыру, активтерді шетелге заңсыз шығару. БҰҰ бағалауы бойынша әлемдік ауқымда жыл сайын шамамен 2 трлн доллар немесе әлемдік жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына жуық қаражат жылыстатылады», - деді Берік Асылов.

Ол сондай-ақ халықаралық сарапшылардың деректері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық 675 млрд долларды құрайтынын айтты.

«Бұл ақшаның бір бөлігі қылмыстық мақсаттарға, соның ішінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға жұмсалады деген түсінік бар. Меніңше, бұл мәселе бойынша тәжірибе алмасу өте маңызды», - деді ҚР Бас прокуроры.