Теңізде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда
Ливаннан шыққан 73 заңсыз мигрант (кем дегенде) Сирия жағалауында кеме апатынан қайтыс болды, тағы 20 адам құтқарылды, қазір олар Тартус портының ауруханаларында. Бұл туралы Сирияның Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС сайтына сілтеме жасап.
Аман қалғандардың айтуынша, олардың қайығы сейсенбіде Ливанның солтүстігінен Еуропаға қарай шыққан, бортта 120-дан 150-ге дейін адам болған. Ливандықтар мен сириялықтардан басқа палестиналық босқындар да болды. Теңізде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.
Ливан 2019 жылдан бастап ең ауыр қаржылық дағдарысты бастан кешуде, сондықтан елдің көптеген тұрғындары Еуропаға аттануда, сириялықтармен және палестиналықтармен бірге заңсыз мигранттарға айналғаны таңқаларлық емес.
БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігінің мәліметінше, теңіз арқылы Ливаннан Еуропаға жетуге тырысқан адамдардың саны 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті, ал биыл 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 70 % - ға өсті.