Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында аздап жаңбыр жаууы мүмкін
Синоптиктер 23 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай Алмат облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.