АҚШ Иранның моральдық полициясына қарсы санкциялар енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Иранның күш құрылымдарының жеті басшысы шектеулерге ілінді

Фото ашық дереккөзден

АҚШ билігі ирандық Махса Аминидің өліміне байланысты Иранның моральдық полициясына санкциялар енгізді. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ, Санкциялар Иранның құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Киюмарс Хейдариге, барлау және қауіпсіздік министрлігіне, Басиж қарсыласу күштеріне және елдің құқық қорғау күштеріне қарсы енгізілді.

Жалпы, Иранның күш құрылымдарының жеті басшысы шектеулерге ілінді. Олар елдегі соңғы тәртіпсіздіктер кезінде наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданғаны үшін айыпталып отыр.

Атап айтқанда, Иранның моральдық полициясының басшысы "Иран әйелдеріне теріс пиғыл танытқаны және зорлық-зомбылық жасағаны, сондай-ақ Иранда бейбіт наразылық білдірушілердің құқықтарын бұзғаны үшін" жазаланады.

22 жастағы ирандық хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстап, кейін қайтыс болған Махса Аминидің өлімі наразылық толқынын тудырды.