Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде
Қостанай облысының Әулиекөл ауылында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Қостанай облысы Полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Halyq uni сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйекте жекеменшік тұрғын үйдің қорасынан өз-өзіне қол жұмсаған 15 жастағы ұл баланың денесі табылған.
«Бұл фактімен ҚР ҚК 105 бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.