Бұл – отандық футболдың зор жетістігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!», - делінген Президент құттықтауында.