Осыған байланысты елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді
26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді», - делінген министрлік хабарламасында.
Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.
Әскери контингенттер қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.