"Ақтау халықаралық әуежайына" қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңбұзушылықтар расталса әуежайдың заңсыз кірістері тәркіленеді

Фото ашық дереккөзден

"Ақтау халықаралық әуежайына" қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Авиакеросинге монополиялық жоғары баға қоюға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл әуе билеттері бағасының өсуіне әсер еткен", - делінген хабарламада.

Заңбұзушылықтар расталса, әуежайға айыппұл салынып қана қоймай, заңсыз кірістер тәркіленеді. Іс құқық қорғау органдарына жіберілуі де мүмкін.