$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында суға батып кеткен үнді студенттерін іздеу жұмысы қайта жалғасады

Жігіттер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері болған

Түркістан облысында суға батып кеткен үнді студенттерін іздеу жұмысы қайта жалғасады
Фото: Түркістан облыстық ТЖД

Түркістан облысы Төле би ауданына қарасты Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттердің мәйітін іздеу жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір су деңгейі мен ағыс жылдамдығы шамамен үштен бір көрсеткішке төмендеген.

«Сондықтан ТЖД басшылығы іздеу жұмыстарын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады», - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының шетелдік студенттері Ақсу-Жабағылы қорығына демалуға келіп шомылып жүргенде, екі жігітті су иірімі тартып әкеткен болатын.

Тақырыпқа орай: Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттер табылған жоқ: іздеу тоқтатылды

Шілде айында оқиға орнына Үндістаннан суға кеткен студенттердің бірінің әкесі келген еді.

Серіктес жаңалықтары