Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адам сотталды
Заңға сәйкес, казино мен ойын автомат залдары органдар айқындайтын аумақта болуы тиіс
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның хабарлауынша іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді.
«Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Еске сала кетейік, «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, Казино мен ойын автомат залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады», - делінген ведомство хабарламасында.