Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 4 науқас өте ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 151 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Астана қаласында - 16, Алматы қаласында - 13, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 35, Ақтөбе облысында – 9, Алматы облысында - 1, Жетісу облысында - 2, Атырау облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Абай облысында - 4, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 12, Ұлытау облысында - 4, Қостанай облысында - 14, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 11, Түркістан облысында – 2.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 392 885 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 2672 адам аурудан емделіп шықты.

Атап айтқанда:

Астана облысында - 187, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 403, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 1, Жамбыл облысында – 18, Батыс Қазақстан облысында - 351, Қарағанды облысында - 17, Ұлытау облысында - 11, Қостанай облысында - 382, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 325, Солтүстік Қазақстан облысында - 20, Түркістан облысында - 0.

Сонымен қатар 22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 8 805 адам коронавирус инфекциясынан (–8 664+ және 141 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 148 пациент стационарда, 8 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

3 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.