Алматы әуежайында iPhone 14 маркалы декларацияланбаған ұялы телефондарды әкелудің жолы кесілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұялы телефондар уақытша сақтау қоймасына көшірілді

Фото ашық дереккөзден

Алматы әуежайында iPhone 14 маркалы декларацияланбаған ұялы телефондарды әкелудің жолы кесілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұсталған 28 дана iPhone 14 Pro маркалы ұялы телефондар кедендік тазартудан әрі қарай өту үшін уақытша сақтау қоймасына көшірілді», - делінген комитет хабарламасында.