Алматы облысында 5-сынып оқушысы асылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті Талғар аудандық ПБ-да тіркелді

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала кентінде 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты ІІМ растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 16 қыркүйекте Гүлдала кентінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды.

Экспресс К порталының жазуынша, өз-өзіне қол салған оқушының мәйітін нағашы ағасы тауып, полиция шақыртқан. Тергеушілер қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал мектеп директоры қыздың өліміне Telegram арнасындағы күдікті топтың ықпалы болды ма деп күдіктенеді.