Ресей Украинада 55 ұшағынан айырылды – АҚШ әскери-әуе күштерінің қолбасшысы

Автор: Әйгерім Ердәулет

Шетел жаңалықтарына шолу 

Фото: bbc.com

Ресейдің Украинаға шабуылы басталғалы бері осы елдің әуе қорғанысы ресейлік 55-ке жуық әскери ұшақты атып түсірген. Бұл туралы  АҚШ әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хекер мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Генерал Хекер Вашингтонда өткен авиация, ғарыш және киберқауіпсіздік конференциясында Ресей Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын жақсы білетнін атап өтті. Соған қарамастан, Ресей тарапынан жасалаған шабуылдар бұл қорғаныс құралдарын, соның ішінде жер-әуе зымырандарын жоя алмады деді ол.

Соның нәтижесінде, алты айға созылып жатқан соғыста ресейлік ұшақтар Украина аумағына сирек ұша бастады, оның орнына алыс қашықтықтағы зымырандар қолданылады.

«Ресейдің 55-ке жуық ұшағын Украинаның әуе шабуылына қарсы және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірді», - деді генерал Хекер.

Сондай-ақ Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі де соғыс басталғалы бері Ресей 55-ке жуық әскери ұшақтан, оның ішінде төрт ұшақтан соңғы 10 күнде айырылғанын мәлімдеді.

Майдан жылдам өзгеріп жатқандықтан, кей ресейлік ұшқыштар шатасып әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына ұшып кетуі мүмкін дейді Қорғаныс министрлігі.

ИЗЮМДЕ  146 ДЕНЕ ЭКСГУМАЦИЯЛАНДЫ

Харьков облысындағы ресей әскерлерінен босатылған Изюм қаласында 146 адам эксгумацияланды. Олардың көбі бейбіт тұрғындар деді Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов.

«Изюмде жаппай жерлеу орнынан қаза тапқандардың денелерін эксгумациялау жалғасуда. Осы уақыт ішінде 146 дене шығарылды, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар, оның ішінде 2 бала бар»,-деді Олег Синегубов.

Оның айтуынша, кейбір мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар, қолдары байланған және азаптау іздері байқалады.

Фото: REUTERS

ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ТӘЖІКСТАН ҰҚК БАСШЫЛАРЫ ХАТТАМАҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ташиев жағдайды реттеуге бірнеше қадам жасалғанын атап өтті.

Қырғызстан мен Тәжікстан хаттамаға қол қойды, деп хабарлады журналистерге Қырғыз Республикасының  ҰҚКҰ басшысы Қамшыбек Ташиев.

Құжаттың басты мақсаты – шекаралас аудандардағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу.

«Мен және Тәжікстан МҰҚК басшысы Саймумин Ятимов хаттамаға қол қойдық. Бұл – соңғы жаңалықтар. Жағдай баяу тұрақталып жатыр. Комиссия ертең жұмысын жалғастырады, біз жағдайды реттеуге бірнеше қадам жасадық. Ертең кешке тағы бір кездесу болуы мүмкін», - деді Ташиев.

14 қыркүйекте тәжік әскери күштері Қырғызстанның шекаралас аумағындағы бес жерден оқ жаудырды деп хабарлады Қырғыз Републикасының  ҰҚК Шекара қызметі. Келіссөздерден кейін атыс тоқтатылды. 16 қыркүйекте Қырғызстанның шекара маңындағы аумақтарға Тәжікстан тарапынан оқ атылғаны туралы мәлімдеді. Осылайша, қақтығыстар Баткен облысындағы мемлекеттік шекаралардың бүкіл периметрі бойынша басталды.

Агенттік тәжік шекарашыларының әрекеттерін опасыз, қасақана жасалған шабуыл деп атады. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Тәжікстанға бұрынғы уағдаластықтардың бұзылғаны туралы мәлімдеп, наразылық нотасын жіберді. Қырғыз Республикасының күштік құрылымдары тәжік тарапы Қырғыз аумағын басып алу мақсатында ауыр техника, оның ішінде "Град" РСЗО қолданатынын хабарлады.

ҚР ҰҚКҰ басшысы Қамшыбек Ташиев және оның тәжік әріптесі Саймумин Ятимов 16 қыркүйекте сағат 16:00-ден бастап бүкіл шекара сызығы бойынша атысты тоқтату туралы келісті. Екі елдің тиісті комиссиялары құрылды. Алайда кейінірек Қырғызстанның шекара қызметі ТР әскери қызметшілері келісімдерді бұзып, оқ жаудырды деп мәлімдеді.

18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түн тыныш, оқиғасыз өтті, бірақ жағдай шиеленісе түсті. Түстен кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғыз жеріне басып кіргендердің жазаланғанын айтты.

© Sputnik

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ТҰТҚЫНҒА АЛЫНҒАН ТӨРТ ШЕКАРАШЫСЫ БОСАТЫЛДЫ

Бұған дейін тәжік тарапы тұтқындаған төрт қырғыз шекарашысы босатылды деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қырғыз Республикасының  ҰҚКҰ басшысы Қамшыбек Ташиев олардың қазіргі жағдайы тәуір дегенді алға тартты.

«Олардың жағдайы жақсы, біреуі аяғынан жарақат алған. Біз оларды ауруханаға апардық, бүгін түнде тексерілгеннен кейін немесе ертең оларды туыстарына тапсырамыз», — деді Ташиев.

Тұтқында болған төрт адам түнгі сағат 21:00-де ҰҚКҰ төрағасы босатылған әскери қызметшілермен бірге «Қызыл-Бел» өткізу пункті арқылы Қырғызстанға оралды.

ТӘЛІПТЕР ТҰТҚЫНҒА АЛҒАН АҚШ АЗАМАТЫ ЕКІ ЖЫЛДАН КЕЙІН БОСАТЫЛДЫ

Есесіне, тәліптер АҚШ түрмесінде 17 жыл отырған Башир Нұрзайды қайтарып алды.

«Талибан» қозғалысының мүшесі Башир Нұрзайды Кабул халықаралық әуежайында талибандар күтіп алды. Ол 17 жыл бойы есірткі контрабандасы бойынша айыпты деп танылып, АҚШ түрмесінде отырған. Есірткі саудасымен айналысып келген Нұрзай АҚШ пен Ауғанстан арасындағы тұтқын алмасу кезінде босатылды.

Ал америкалық делегация Нұрзайды АҚШ азаматы Марк Фрерихке алмастырды. Құрылыс инженері және Әскери-теңіз күштерінің ардагерін тәліптер 2020 жылдың ақпан айында елді дамыту жобалары бойынша жұмыс кезінде ұрланған.

Тәліптер тағайындаған Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки бұл екі адамның  алмасуы АҚШ-пен қарым-қатынастың басы және келіссөздерге есік ашады деп үміттенетінін мәлімдеді.

Талибан бір жыл бұрын Ауғанстанда америкалық әскерлер кеткеннен кейін билікті басып алған еді. Олардың үкіметінің заңдылығын әлі күнге дейін бірде-бір ел мойындаған жоқ.

Фото: dw.com

РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА ҚАҚТЫҒЫСЫНАН КЕЙІН ЕУРОПАДА НАН БАҒАСЫ КҮРТ ҚЫМБАТТАДЫ

Еуропалық Одақта нанның орташа құны бір жыл ішінде 18%-ға өсті. Бұл туралы Европалық статистика агенттігі хабарлады.

2022 жылдың тамызында өнім Венгрияда (66%-ға), Литвада (33%-ға), Эстония мен Словакияда (екі елде де 32%-ға) қымбаттаған. Баға әзірге Францияда баяу өсіп жатыр. Онда нанның бағасы 8%-ға, Нидерланды мен Люксембургте 10%-ға қымбаттаған.

«Нан, көкөніс, ет-тамақ қымбаттады. Әсіресе, аспаздық майлар мен майдың бағасы күрт өсті, бірақ нан сияқты негізгі тағамдар да едәуір қымбаттады», - делінген Еуростат сайтында жарияланған хабарламада.

Сарапшылар атап өткендей, бұл Ресейдің Украинаға әскери шабуылына байланысты болып отырған жағдай. Бұл әлемдік нарықты бұзды, өйткені Ресей мен Украина астық, бидай, жүгері, майлы дақылдар (әсіресе күнбағыс) мен тыңайтқыштардың ірі экспорттаушылары болды.