Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды
Алматы облысында 10 жасар баланы қаққан көлік жүргізушісіне іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, 10 жасар жаяу жүргіншіні қағу дерегі 19 қыркүйек күні сағат 18:45-те Талғар ауданында болған.
Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген -Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен.
Алған жарақатынан бала оқиға орнында мерт болды.
Аталған дерек бойынша Талғар ауданының полицейлері ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.