ШҚО-да жоғалып кеткен ер адамның денесі 8 күннен кейін өзеннен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі 8 күннен кейін өзеннен табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 33 жастағы ер адам 10 қыркүйек күні Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында досының үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Туыстары хабар берген соң тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Іздестіру жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де тартылған. Алайда оны бірден табы мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

18 қыркүйекте жергілікті ауыл тұрғындарының бірі Таловка өзенінен жоғалған адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Өлім себебі соның нәтижелерінен кейін анықталмақ.